Жұма, 4 қыркүйекте Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Мөлшерлеме +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен 16,25 пайызға дейін төмендетілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,25 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжам раунды нәтижелеріне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция тәуекелдері балансының жаңартылған бағалауына сүйенеді», — делінген хабарламада.
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы не деді?
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мөлшерлеменің төмендеуі мүмкін екенін 24 шілдеде айтқан болатын. Ол базалық мөлшерлеме бұдан да көбірек төмендеуі мүмкін деп болжады – бірақ ол үшін инфляция қарқыны бәсеңдеуі тиіс.
