ainainfo.kz
Маңызды жаңалықтарды бізге
WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
WhatsApp: +7 771 828 3139
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
ainainfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңа Қазақстан

Түркістан облысында ауыз су жүйесін басқарудың бірыңғай моделі қалыптастырылуда

4 сентября, 2026
in Жаңа Қазақстан, Жаңалықтар
0
Түркістан облысында ауыз су жүйесін басқарудың бірыңғай моделі қалыптастырылуда
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен ауыз сумен қамту саласындағы жұмыстар сараланған мәжіліс өтті. Жиында өңірдегі су жүйелерінің қазіргі жағдайы, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту және саладағы кәсіпорындардың жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Бүгінде Түркістан облысында 801 елді мекенге су тарату қызметі көрсетіледі. Оның 638-іне аудан және қала әкімдіктеріне қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, 105 елді мекенге «Қазсушар» РМК-ның «Оңтүстіқауызсу» филиалы, 50 елді мекенге жеке меншік мекемелер қызмет көрсетеді. Шалғай орналасқан 8 елді мекен тұрғындары қолданыстағы ұңғыма мен құдықтар арқылы ауыз сумен қамтылған.
Саладағы қызмет сапасын арттыру мақсатында облыстағы су беруші кәсіпорындарды бір жүйеге біріктіру ұсынылды. Жаңа басқару жүйесі су саласындағы жұмыстарды орталықтандырып, кәсіпорындардың мүмкіндігін арттыруға жол ашады. Атап айтқанда, 16 кәсіпорынды бір жүйеге біріктіру, бірыңғай тариф саясатын қалыптастыру, инвестициялық бағдарламаларды іске асыру, су желілерін жаңғырту, цифрландыру және автоматтандыру жұмыстарын жүйелеу көзделген. Сондай-ақ салаға инвестиция мен білікті мамандар тартуға мүмкіндік артады.
Бұл бағыттағы дайындық жұмыстары қазірдің өзінде жүргізілуде. «СЕСТ Инжиниринг» ЖШС тарапынан су беруші кәсіпорындардың техникалық және қаржылық жағдайына талдау жасалуда. Қазіргі таңда Арыс қаласы, Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш, Түлкібас және Шардара аудандарындағы кәсіпорындардың жағдайы зерделеніп жатыр.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров саладағы проблемаларды жүйелі түрде шешіп, ең алдымен тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажеттігін атап өтті. Су желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, апатты жағдайлардың алдын алу, тозған инфрақұрылымды жаңарту және су кәсіпорындарының тиімділігін арттыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Жиын қорытындысында су беруші кәсіпорындарды біріктіру процесін кезең-кезеңімен жүзеге асыру, мүліктерді облыстық коммуналдық меншікке қабылдау және жаңа басқару моделін енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістандық спортшы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Next Post

Қытайда электрмобильдерге берілетін жеңілдіктер біртіндеп алынып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

AINAINFO.KZ

AINAINFO.KZ ақпарат агенттігі

Қазақстан мен әлемдегі маңызды жаңалықтар және жедел ақпарат.

Сайт материалдарын көшіріп жариялаған кезде AINAINFO.KZ сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Барлық құқықтар қорғалған. Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде тіркелген.

Тіркеу туралы куәлік № —

Электрондық пошта: info@ainainfo.kz

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

ainainfo.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com